BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.86 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Елбасы Сербия президентімен кездесті

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сербия президенті Александр Вучичпен кездесті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Екі елдің президенті кездесу барысында қазақстандық-сербиялық қарым-қатынастардың келешегі мен қазіргі жайын талқылады.

«Сізбен кездескенімізге өте қуаныштымын. Сіздің Қазақстанға және маған қандай құрметпен қарайтыныңызды білемін. Мен оны сіздің еліңізге мемлекеттік сапармен барғанда байқадым. Қысқа уақыт аралығында сізбен төртінші рет кездесіп отырмыз. Сондай-ақ сіз бізді «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізгенде қолдадыңыз. Осында болып, көрмені тамашаладыңыз. Қазіргі таңда Қазақстанға ресми сапармен келіп, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысқалы отырсыз. Бұл сіздің елімізге деген құрметін көрсетеді. Біз оны қатты қадірлейміз», - деді Елбасы Сербия президенті.

Сондай-ақ Назарбаев Қазақстан мен Сербия арасындағы сауда-экономикалық байланысты күшейту қажет екенін атап өтті.

«Өкінішке қарай, екі мемлекет арасындағы тауар айналамының көлемі жоғары емес. Бірақ мемлекеттеріміздің логистика, транспорт, қорғаныс өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, құрылыс салаларында болашағы зор. Сіздің елімізге сапарыңыз мемлекеттеріміз арасындағы байланысты одан әрі дамыта түседі деген ойдамын. Сондай-ақ бүгін қос ел арасында бизнес форум өтеді. Онда тиісті құжаттарға қол қойылады», - деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Елбасы Сербия президентін тағы да бірқатар маңызды кездесулер күтіп тұрғанын атап өтіп, қос мемлекет арасында арнайы жобалар бойынша жұмыс жүргізілетінін жеткізді.

«Сіз Қазақстанның премьер-министрімен кездесесіз. Сондай-ақ бүгін біз қаламыздағы ірі шағын ауданда тас қою рәсіміне қатысамыз. Мен бұл жобаның табысты болуын өзім қадағалаймын. Мемлекеттеріміз арасындағы байланысты нығайтатын осындай жобалар қажет. Қазақстандықтар да Сербиядағы инвестициялық жобаларға қатысуға дайын», - деп түйіндеді сөзін Нұрсұлтан Назарбаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер