BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.65 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 393.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.67
Астана:

Елбасы осы аптада қай елдерге сапар шегеді?  

Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтана Назарбаевтың қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

16 қыркүйекте Елбасы Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барады. Ташкентте Шавкат Мирзиеевпен кездесіп, екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту жолдарын талқылайды. Сондай-ақ сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-Өзбекстан бизнес форумына қатысады деп жоспарланып отыр.

17 қыркүйекте Қазақстан Президенті Түрікменстанға сапар шегеді. Жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысы жабық ғимараттарда өтетін V Азия ойындарына барады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер