USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Елбасы Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады

Кездесуде С.Жасұзақов Мемлекет басшысына министрліктің қазіргі қызметі және Қарулы Күштердегі жедел-әскери дайындық барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті ведомствоның жаңадан құрылған Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен арада өзара тиімді іс-қимылды жолға қоюының маңыздылығына назар аударды.

Сондай-ақ, Қорғаныс министрі Қарулы Күштер құрамында өтіп жатқан қорытынды сынақтың бүгінгі күнге дейінгі оң нәтижелері жөнінде мәлімдеді.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады