BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.88 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 394.41 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.65
Астана:

Елбасы Қырымбек Көшербаевқа: Қызылордадан келсең де, қазақша бастамайсың

Фото: Кенжетай Ақсейітов

Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысып жатқан ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев баяндамасын орысша бастаған Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевты сынға алды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Аймақ әкімдері арасында Қарағанды облысынан кейін сөз алған Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев баяндамасын орысша бастағаны сол еді Елбасы оны тоқтатып:

"Қызылордадан келсең де, қазақша бастамайсың, ә?", - деді.

Облыс әкімі Президенттің ескертуіне "Қазақша білетінімді бәрі біледі емес пе, сізге экономикалық терминдер ыңғайлы болсын дедім, рұқсат етіңіз", - деді Қырымбек Көшербаев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер