USD 335.61 EUR 361.32 RUB 5.26
Астана:

Елбасы: Ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізудің маңызы зор

Фото: akorda.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуде Мемлекет басшысы ғылыми зерттеулердің қазіргі заман талабына сай болуының маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті ғылымды басқаруды орталықсыздандыру ісінің өзектілігіне және ғылыми зерттеу жұмысын жекелеген университеттерде дамыту қажеттілігіне назар аударды.

«Ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізудің маңызы зор», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

М.Жұрынов бірлестіктің халықаралық деңгейдегі беделінің артуына батыстық даму үлгісі септігін тигізгенін айтты.

«Біздің академия – барлық беделді ғылыми бірлестіктердің мүшесі», – деді Ұлттық ғылым академиясының президенті.

Соңында Мемлекет басшысы ғылымның ел дамуындағы елеулі рөліне тоқталып, атқарып жатқан қызметтері үшін академия ғалымдарына алғыс білдірді.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады