USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Елбасы форумға қатысушы жастарды құттықтады

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Тұңғыш Президент мерекесінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Республикалық жастары форумы басталды, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

"Тұңғыш Президент күнінде және Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында өтіп отырған республикалық жастар форумына қатысушыларды құттықтаймын! Бүгінгі күн xалқымыздың тариxына барлық қазақстандықтарды біріктірген күн ретінде енді. Жастар бақытты болсын! Еліміздің болашағы сендер арқылы мықты болсын! Қазақстанымыз, еліміз мәңгілік болсын!» - деп Мемлекет басшысы ізгі тілегін жеткізді.

Айта кетейік, Форумға еліміздің білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, мәдениет, спорт салаларының белсенді жастары қатысуда.

Ұқсас сілтемелер:
03 Желтоқсан 2016, 22:23
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 25 ЖЫЛ...
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады