USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Елбасы бірқатар заңға қол қойды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары негізінде әзірленген «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ, Елбасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзірленген және республикалық бюджет пен астананың, Алматы қаласының және облыстардың бюджеттері арасындағы бюджетаралық қатынастарды реттеуге бағытталған «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, Астана бюджеттері арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» ҚР заңына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін кепілдік берілген трансферттің көлемін бекітетін «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017-2019 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» ҚР Заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады