BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Елбасы Астанадағы көшелердің бірін тәжіктің ойшыл-ақыны есімімен атауға тапсырма берді

Фото: sputnik-georgia.ru

Елбасы Әбу Абдуллах Жафар Рудаки атында берілетін көше Қазақстанға келген Эмомали Рахмон үшін есте қаларлық жаңалық болатынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі BNews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Біздің халықтарымыз арасындағы қарым-қатынасты нығайтудың белгісі ретінде мен Астана көшелерінің бірін Тәжікстанның ұлы ақын-философы Рудакидің есімімен атауды дұрыс деп шештім. Бұл жаңалық Тәжікстан президентінің биыл елге келуіндегі естелік ретінде Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы жарқын нышан болып қалатынына сенемін», - дейді Елбасы.

Сондай-ақ, Назарбаев екі елдің ынтымақтастығының дамуында Қазақстанда ұлттық мәдени орталықтары бар тәжік диаспорасы үлкен рөл атқаратынын айтты.

«Біздің тығыз қарым-қатынасымызды қолдау мақсатында мәдени-гуманитарлы саладағы әріптестікті жүзеге асырамыз деп шештік. Жалпы алғанда екі ел арасында 80 келісім-шарт пен құжаттардан тұратын құқықтық база құрылды. Тәжікстан Республикасы президентімен жасаған келісім-шарт нәтижесіне көңілім толады. Бұл сапар біздің қарым-қатынасымызға жаңа қарқын сыйлап, қазақ және тәжік халқы үшін пайдалы болатынына сенемін», - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер