BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Бала кезінде Елбасы тұсауын кескен студент президентпен кездесті

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Биыл «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына - 10 жыл. Осыған орай бүгін Назарбаев университетінде «Ұлы дала мұрагерлері» атты оқушылар мен педагогтардың форумы өтті. Салтанатты жиында бала кезінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев тұсауын кескен студент сөз сөйледі.

Абылай Сатылхан - Алматы қаласы Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі, Назарбаев университетінің бірінші курс студенті. Кезінде тұсауын Елбасы кескен жігіт президентті мерекесімен құттықтады.

«Тәуелсіз мемлекетімізді құрып, оны әлем мойындаған биікке жеткізгеніңіз үшін сізге жас ұрпақтың атынан шексіз ризашылығымды білдіргім келеді. Мен үш тілді толық меңгердім. Сан түрлі салада білімімді шыңдадым. Халықаралық форумдарға Қазақстан атынан қатыстым. Бүгін Назарбаев университетінде Саясаттану және халықаралық қатынастар мамандығында білім алып жатырмын. Аса құрметті Елбасы, осыдан 17 жыл бұрын елордамыз Астанада сіз тұсауымды кескен едіңіз. Мен бүгін біздің әулеттің тұмары секілді әрдайым төрде ілініп тұратын мына суретті өзіңізге ала келдім. Сіз мені әуелете көтеріп, азамат бол деп бата беріпсіз. Мен осы мотивациямен өмір сүремін. Өзіңіз айтқандай мықты азамат болуға, елім үшін қызмет етуге уәде беремін», - деген Абылай Сатылхан Мемлекет басшысына тұсау кесу рәсімінде түсірілген суретті сыйлады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер