Әзербайжанда «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» кітабының таныстырылымы өтті - Президент|13 Маусым 2018, 12:34
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Әзербайжанда «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» кітабының таныстырылымы өтті

2018 жылғы 13 маусымда Әзербайжан Республикасының астанасы Баку қаласында Махмұт Қасымбековтің әзербайжан тілінде жарық көрген «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» атты кітаптың таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Салтанатты іс-шара алдағы Қазақстан астанасының 20 жылдығына арналған.

Таныстырылымдағы Қазақстанның өкілетті делегация құрамында кітаптың авторы ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы директорының міндетін атқарушы Махмұт Қасымбеков; ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы; ҚР Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Исабаев; Халықаралық түркі академиясының президенті, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі; Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов және тағы басқалар қатысты.

Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев кітаптың тұсаукесер рәсімінің қарсаңында қазақстандық делегацияны қабылдады. Делегация мүшелері Әзербайжан басшысына ұйымдастырылған қабылдауы үшін алғыс айтып, өз тарапынан Ильхам Әлиевті Президент лауазымына қайта сайлануымен, сондай-ақ Әзербайжан Демократиялық Республикасының 100-жылдығымен және Гейдар Әлиевтің 95 жылдығымен құттықтады.

Тұсаукесер рәсімі Әзербайжанның жетекші ғылыми және мәдени-білім беру орталықтарының бірі – Гейдар Әлиев орталығында өтті. Ол 2006 жылы әзербайжан халқының ұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтың идеологиясы мен мемлекет құрылысының философиясын іргелі зерттеу үшін, сонымен бірге әзербайжан тілін, мәдени, ұлттық және рухани құндылықтарын жан-жақты дамыту мақсатымен құрылған.

Тұсау кесер рәсімінде Әзербайжан Республикасы Президентінің көмекшісі Әли Гасанов, Әзербайжан Ғылым Академиясының президенті Акиф Ализаде, Әзербайжан Милли Мәжілісінің депутаты Джаваншир Фейзиев, Гейдар Әлиев орталығының директоры Анар Алакбаров, кітап аудармашысы Аида Эйвазова, шетелдік дипломаттар, мәдениет және ғылым өкілдері, сарапшылар, журналистер, студенттер қатысты.

Қазақстанның көшбасшысы туралы жазылған өмірбаяндық кітабы тыңдаушылармен жылы жүзбен бағаланды. Іс-шара қатысушыларының ортақ пікірі бойынша, кітаптың әзербайжан тіліндегі басылымы екі ел арасындағы рухани-мәдени байланыстардың нығайтуына лайықты үлес қосады.

Осы кітап 11 шетелдік басылымы ретінде шықты. Осыған дейін ол ағылшын, неміс, француз, қытай, араб, венгр, түрік, дари, серб, кәріс тілдерінде шыққан. Кітап Гейдар Әлиев орталығы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің кітапханасы және Халықаралық түркі академиясы арасындағы ынтымақтастығының арқасында шығарылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер