BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Алдағы уақытта Президенттің қатысуымен өтетін іс-шаралар

Биылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Президенті Душанбе қаласында өтетін ТМД елдері басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқосуда тараптар Достастық мемлекеттері ықпалдастығының келешегіне қатысты ой-пікір алмасып, ұйым жұмысының тиімділігін одан әрі арттыру мәселесін қарастырады.

Мемлекет басшысының саммитте бірқатар екі жақты кездесулер өткізуі жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына және Шымкент қаласына барады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер