BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Жамбыл облысында мәжілісмендер ауыл шаруашылығына қолдау көрсету мәселесін талқылады

Жамбыл облысында мәжілісмендер агроөнеркәсіп кешенін заңнамалық қамтамасыз ету мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Мәжіліс депутаты Қожахан Жабағиевтің Жамбыл облысындағы сапары барысында «Бурное сүт компаниясы» қызметкерлерімен кездесті.

Компания күніне 49 тонна ірімшік, сары май және сүт шығарады. Жалпы зауытқа 8 ауыл шаруашылық кооперативі, 50 шаруақожалығы, 25 жеке кәсіпкер сүт өткізеді.

Бүгінгі таңда компанияда 93 адам жұмыс істейді. Мәжілісмендер зауыт жұмысшыларымен әңгіме барысында өндіріс қуаттылығы, салық салу, сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамытуға заңнамалық қолдау көрсету мәселелерін талқылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер