BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Ұлттық банк төрағасы Қазақстанның сыртқы қарызы туралы айтты

Фото: ашық дереккөзден

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев ҚР Парламенті Сенатының отырысынан кейін кулуарда журналистерге Қазақстанның сыртқы қарызының қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Ұлттық банк сыртқы қарызды есептейді. Бұл оны реттейміз, болмаса оған қандай да бір ықпал етеміз деген сөз емес. Бұл – Ұлттық банктің сыртқы экономикалық статистикасы саласындағы және төлем балансын құру қызметі. Егер статистика комитеті ЖІӨ есептесе, оның өсіміне жауап бермейді. Сол сияқты біз сыртқы қарыздың дұрыс есептелуіне жауап береміз. Өкінішке қарай, тоқсан сайын цифрды жариялағанда әрдайым «неге мұндай сыртқы қарыз, Ұлттық банк қайда қарап отыр?» деген сұрақ туындайды. Ұлттық банк осы жағдайды қадағалап, барлық мемлекеттік органға ақпарат береді», - деді ол.

Ұлттық банк төрағасы Қазақстанның сыртқы қарыздарының жағдайы тұрақты екенін айтты.

«Тікелей мемлекеттің, сондай-ақ квазисектордың қарызын болашақта бақылау үшін мемлекет жұмыс істейді. Мұндай қарыз жалпы соманың 24%-ін ғана құрайды. Яғни, сома тым көп емес, бірақ сонымен бірге мемлекет бұл компоненттің тұрақты мониторинг пен бақылауда болуына алаңдаушылық білдіреді», - деді ведомство басшысы.

Ақышевтың айтуынша, Ұлттық банк екінші деңгейлі банктердің сыртқы қарызын есептейді.

«Соңғы деректер бойынша қазір банктер қарызы 6-7 миллиард доллардан аспайды. Он жыл бұрынғы кезбен салыстырғанда банктердің сыртқы қарызы 50 млрд доллардан асып жығылатын. Сондықтан қазір ешқандай проблема жоқ деп ойлаймын», - деді Ақышев ҚР Паламент Сенатының отырысынан кейін кулуарда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер