BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

ҰҚШҰ құпия ақпаратын жария еткендерге қатысты заңнама нақтыланды 

ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «2004 жылдың 18 маусымындағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заң жобасы қаралды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Сонымен, 4-бап редакциясы өзгертілген. Бұрынғы редакцияда әр тараптан нақты құзырлы орган көрсетілетін. Олардың өзектілігін мерзімді түрде көрсетуді алып тастау үшін аталған құзырлы орган өзгерген жағдайда әрбір мемлекет ҰҚШҰ бас хатшылығына бұл жөнінде ескертетіні туралы өзгерту қабылданды. Сонымен қатар, ҰҚШҰ құзырлы органының құрамы нақтыланды. Жаңа редакциямен ұйым хатшылығы мен біріккен штабын тұрақты әрекет етуші жұмыс органы ретінде белгіленген. Сонымен қатар, ҰҚШҰ кеңесінің шешімімен халықаралық құқықтың басқа субъектілерін ұйымға қосу мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, құпия ақпаратты жария етуге жол берген тұлғаға қатысты заңды құзырет нақтыланды. Жаңа редакцияда құпия ақпараттың рұқсатсыз таралуына жол берген тұлға мұндай заң бұзушылық орын алған кез-келген жағдайда сол мемлекеттік азаматы болып табылатын дәл осы мемлекет құзыретінде болады деп нақты жазылған», - деді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Марат Өсіпов.

Төраға орынбасары хаттаманы ратификациялау ҰҚШҰ аясындағы құпия ақпараттардың сақталуын қамтамасыз ету саласында Қазақстанның осы ұйымға мүше-мемлекеттермен өзара әрекеттестігіне, құқықтық механизмнің нығаюына ықпал ететінін айтты.

«Бұл хаттама барлық мүше мемлекеттермен ратификацияланды және күшіне енді. Оның ішінде, соңғы болып наурыз айында Қырғызстан қосылды. Бұл заң жобасы бойынша барлық қажетті сараптама жүргізілді. Хаттамамен енгізілген өзгерістер ҚР Конституциясы мен заңдарына қайшы келмейді. Аталған заң жобасы барлық мүдделі мемлекеттік органмен келісілді және республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлінуін қажет етпейді», - деді Өсіпов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер