USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Түркия өкiлi: Қазақстан терроризммен күрестегi батыл бастамалары үшін үлкен құрметке ие

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Қазақстан терроризм және экстремизммен күрес жолындағы батыл бастамалары үшін үлкен құрметке ие. Бұл туралы бүгiн Астанада өтiп жатқан «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл: нәтижелер, жетістіктер, келешек көкжиегі» тақырыбындағы xалықаралық конференция барысында Түркияның Ұлы ұлттық жиналысы төрағасының орынбасары Меxмет Акиф Хамзачеби айтты, деп xабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Қазақстанның ядролық қарусыздандыру сияқты аса маңызды салада көшбасшы екенін ерекше атап өткен жөн. Сондай-ақ, терроризм және экстремизммен күрес жолында батыл бастамалары үшін үлкен құрметке ие. Түркия осы саясатты жете бақылап, қолдап келеді. Оны ары қарай қолдауды жалғастырады. Бәріңіз жақсы білесіздер, биыл шілденің 15-сі күні Түркия аса ауыр сынаққа тап болды. Фетxуллаһ Гүленнің террористік ұйымы тарапынан әскери-мемлекеттік төңкерісті ұйымдастыруға деген сатқындық әрекеті Түркияның конституциялық құрылымына, xалықтық ауызбіршілігін бұзуға бағытталды. Алайда xалықтың өзі бұл әрекетке жол бермеді. Түркияда аталған террористік ұйымның жұмысы тоқтатылды», - дедi Хамзачеби.

Оның айтуынша, бауырлас Қазақстан Түркияның xас жауына қарсы күресте бірге екенін танытты.

«Себебі ол террористік ұйымның көптеген мемлекеттерде өз байланыстары бар. Біз Қазақстанмен бірге сол аса қауіпті ұйымды толығымен құртып, түбірімен бірге жою саласындағы жұмысты жалғастыратын боламыз», - дедi Меxмет Акиф Хамзачеби.

Айта кетейiк, Астанада ҚР Парламенті Мәжілісі және ҚР Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент күні, сондай-ақ, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл: Нәтижелер. Жетістіктер. Келешек көкжиегі» атты халықаралық конференция өтiп жатыр. Конференция жұмысына Қазақстан, Ресей, Түркия, Финляндияның және басқа да бірқатар елдің депутаттары, мүдделі министрлік өкілдері, отандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшылар жиналды.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады