BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Тоқаев Бразилия елшісімен кездесті

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилияның Қазақстандағы елшісі Марсия Доннер Абреуді қабылдады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Төраға Елшіні Қазақстандағы жұмысының басталуымен құттықтап, тілектестігін білдірді және оның дипломатиялық қызметі екіжақты ынтымақтастықтағы маңызды межеге тұспа-тұс келгенін – екі елдің арасындағы дипломатиялық қатынастар орнағанына 25 жыл толғалы отырғанын атап өтті.

«Бұл жылдар ішінде біздің елдеріміз арасындағы қатынастар, оның ішінде жоғары деңгейдегі сапарлар алмасудың арқасында достық байланыстар елеулі түрде нығайды», - деді Сенат Төрағасы.

Әңгіме барысында Қазақстан мен Бразилияның өзара парламентаралық іс-қимылын, оның ішінде парламентаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықты одан әрі белсенді жүргізуге мүдделілік білдірілді.

Қ.Тоқаевтың айтуынша, сауда-экономикалық және саяси ынтымақтастықты өрістету үшін елеулі мүмкіндіктер бар. Бұл тұрғыда Бразилия сыртқы істер министрінің алдағы сапарының маңызы зор болғалы тұр.

«Бұл екіжақты қатынастарда маңызы зор оқиға, бұл сапар біздің елдеріміздің ынтымақтастығына салмақты серпін береді», - деді Сенат Төрағасы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер