BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Соғыс ардагерлері мен Семей полигонынан зардап шеккендерге госпиталь салуды ұсынылды

Фото: интернеттен

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл Ұлы Отан соғысы және Ауған соғысы ардагерлеріне, Чернобльдегі апат зардаптарын жоюға қатысқан және Семей полигонынан зардап шеккен адамдарға лайықты медициналық көмек көрсету үшін жаңа госпиталь салу туралы депутаттық сауалын Премьер-министр атына жолдады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Ол дәл осы депутаттық сауалын Мәжіліс депутаттары атынан және өз атынан бірнеше рет жолдағанын атап өтті.

«Осы орайда сізден жобаның әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге шығыстар қарастырылатыны туралы жауап та келген болатын. Алайда мәселе әзірге шешілмегендіктен депутаттық сауалмен қайта жүгінуге тура келіп отыр», - деді депутат.

Ол қазіргі таңда елімізде «ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» заңмен және «Семей ядролық сынақ полигонынан ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңмен 800 мың адам қамтылғанын атап өтті.

«Қазақстанда декреттелген континенттің, яғни, жеңілдіктер мен арнайы жағдайлар белгілеу арқылы өздеріне мемлекет пен қоғамның арнайы көңіл бөлуін қажет ететін азаматтардың үлесі жалпы халық санының 4,5 пайызын құрайды. Бұл – Ресей және Орталық Азия мемлекеттерінен әлдеқайда көп. Ауған соғысына қатысқандар мен семейліктердің, чернобльдықтардың егде жас тобына қосылуына байланысты олардың медициналық көмекке мұқтаждығы барған сайын артып келеді. Бұл ретте республикалық клиникалық госпитальдардың жаңа ғимараттарын салу мәселесін депутаттар мен ауған ардагерлері 2010 жылдан бері ұдайы көтеріліп келеді. (...) Астана мен Алматы қалаларындағы қолданыстағы госпитальдарда орындардың шектеулі болуының кесірінен ардагелер Ресейде және ТМД-ның басқа да елдерінде медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болуда», - деді Смағұл.

Осыған байланысты Нұр Отан фракциясының мүшесі Премьер-министрден 2018-2020 жылдарға арналған бюджетке келесі шараларды қаржыландыру мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

«Алматыда госпитальдың қираған ғимаратының орнына емдеу корпусы құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы, Астанадағы көп бейілді госпитальдың типтік ғимараты құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге дайындық жоспарына қосуыңызды өтінемін. Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығының артуы және халықтың қартаюына байланысты перспективада аталған госпитальдар базасында илиотибиалдық орталықтар құру, сондай-ақ ҚР Қарулы күштері және құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің отбасы мүшелерін де осы госпитальдарға тіркеу орынды деп санаймын», - деп сөзін түйіндеді депутат.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер