BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы өтеді

Фото: arnapress.kz

Сайлау бір мезгілде Парламенті Сенатының депутаттарының екі мандаты бойынша өткізіледі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Сайланған депутаттарының өкілеттік мерзімі Сенаттың 2014 және 2017 жылдары сайланған депутаттарының өкілеттік мерзіміне сәйкес келеді. Сайлауға барлығы 6 кандидат қатысады, олардың 2-і қалалық мәслихат, 4-і өзін-өзі ұсыну арқылы беріледі.

Сайлау күні Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz ресми интернет-ресурсында Парламент Сенаты депутаттарының сайлауының электрондық сүйемелдеу қызметі қол жетімді болады. Бірінші рет сайлаушылардың электрондық тіркеуі 2017 жылғы 28 маусымда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауында қолданылды. Осы жылы интернет-ресурстың функционалдылығы жетілдірілді, тағы бір тіл нұсқасы қосылды және жеке деректерді көрсету мен кандидаттар туралы қысқаша ақпарат көрсетіліп, қосымша бет жасалды.

2018 жылғы 5 қазанда таңертең іске қосылатын нақты уақыт режимінде сайлаушылардың қатысуы және алдын ала дауыс беру натижелері бойынша мәліметтерді қарау үшін баннер, ОСК интернет-ресурсының басты бетінде сайтқа кірушілерге қол жетімді болады. Орталық сайлау комиссиясы интернет-ресурсының функционалын пайдалану «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының тапсырмаларын жүзеге асыруға және сайлаудың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен бірге, ағымдағы жылдың 5 қазанында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ғимаратында журналистер нақты уақыт режимінде дауыс беру үрдісін бақылауға, сондай-ақ электронды сайлауды сүйемелдеу бойынша сұрақтар қоюға мүмкіндік беретін баспасөз орталығы ашық болады.

Еске сала кетейік, алдағы сайлау «2018 жылғы 5 қазанына Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 9 тамыздағы №731 Жарлығымен тағайындалған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер