USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Несиенің мөлшерлемесі 2 пайызға дейін төмендетілуі мүмкін

Бүгін Сенатта өтіп жатқан дөңгелек үстелде депутат Қуаныш Айтаxанов азаматтарға беріліп жатқан несиенің мөлшерлемесін 2 пайызға дейін төмендету туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

«Асқар Исабекұлы, мемлекет ауыл шаруашылығы саласындағы несиені кредиттік ұйымдарға 0 пайызбен береді екен. Ал олар азаматтарға 6 пайызбен ұсынады. Бұл несиені алып жатқан азаматтар, өздеріңіз білесіздер, негізінен жағдайы төмен қарапайым жандар. Осыны 2 пайызға төмендетуге мүмкіндік бар ма?», -деп сұрады Қуаныш Айтаxанов.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзаxметов депутатқа берген жауабында «КазАгроның» несие саясаты қаралып жатқанын айта келе, бұл ұсынысты ескеруге уәде берді.

«Біріншіден, бұл несиеге алғашқыда 6 миллион доллар ғана бөлінген еді. Бүгінгі таңда Үкіметтің арқасында 16 миллионға дейін көбейді. Сондай-ақ несиенің төленетін уақытын 5 жылдан 7 жылға дейін ұзарттық. Ал пайызға келетін болсақ, бұл үнемі көтеріліп келеді. Жалпы, КазАгроның несие саясатын қарап жатырмыз. Соның аясында пайыздарды төмендету қарастырылған. Бүгінгі таңда 6 пайызға дейін беріліп жатыр. Егер мүмкіндік болып жатса, төмендетуге дайынбыз», - деді Асқар Мырзаxметов.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады