BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Сенатор Степногорда зауыт ұжымымен кездесті

Астана. BAQ.KZ. Парламент Сенатының депутаты Дәурен Әділбеков Ақмола облысындағы жұмыс сапары барысында теміржол және машина жасау салаларының бөлшектерін шығаратын Степногордағы зауыт ұжымымен кездесті.

Сенаттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, кездесу барысында депутат Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауының негізгі бағыттарын талқылады.

Сенатор Жолдауды жүзеге асыру тұрғындардың табысы мен әл-ауқатын арттыруға, еліміздің экономикасының әр саласын дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл ретте, депутат барлық бағыттар бойынша бірлесіп сапалы жұмыс атқару қажет екеніне тоқталды.

Әңгіме барысында төменгі жалақы көлемінің артуы, «7-20-25» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын іске асыру, денсаулық сақтау саласында білікті мамандардың жетіспеушілігі мәселелері де көтерілді.

Кездесу соңында зауыт жұмысшылары Елбасының азаматтық қызметкерлердің, солардың қатарында 1-4 разрядтағы және көмекші мен техникалық қызметкерлердің еңбекақысын көтеру жөніндегі тапсырмасын, биылғы наурыз айында жарияланған бес әлеуметтік бастаманы қолдайтындарын айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер