BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Сенатор Қазақстанда бюджет ашықтығының төмен екенін айтты

Фото: Хабар 24

ҚР Парламент Сенатының депутаты Марат Тағымов 109 критерий бойынша бюджеттің ашықтық деңгейі анықтайтын Open budjet арнайы рейтингісінде Қазақстан көрсеткіші 100-ден 53 баллды құрағанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бюджеттің ашықтығы және есеп беруі тиіс екені Елбасының бес институционалдық реформасының бір бағытында айқын айтылған. Осыған орай азаматтық қоғам өкілдерінің өңірлердегі бюджет қаржысын талқылауға қатысуы өзекті мәслелердің бірі болып отыр. Бұл бұрыннан бері әлемде кеңінен қолданылатын процесс. Тіпті бюджеттің ашықтық деңгейі 109 критерий бойынша анықтайтын Open budjet арнайы рейтингісінде 2017 жылы Қазақстан көрсеткіші 100-ден 53 балды құрады. Ол әлемнің орта деңгейінен сәл-ақ жоғары. Бұл Үкіметтің қоғамда ел бюджеті жайында ақпаратты әлі де толыққанды ұсынбайтынын көрсетеді», - деді сенатор.

Осыған байланысты Тағынов Қаржы министрінен азаматтық бюджеттің маңыздылығын түсіне отырып бюджетті қалыптастыру және бөлу ашықтығын қамтамасыз ету мәселесі қалай іске асырылып жатқанын және бюджеттік процеске азаматтардың кеңінен қатысуына қаншалықты жағдай жасалып отырғанын сұрады.

«Бюджеттің ашықтығы туралы заңнамалық тұрғыдан бюджеттік кодекске өзгерістер енгізіп, жұмыс жасап келеміз. Қаржы министрлігінің сайтында толық ақпарат беріледі. Біз қоғамдық ұйымдармен тиісті жұмыстарды жасап жатырмыз. Халықаралық қаржылық ұйымдармен бірігіп солардың көмегімен халықаралық стандарттарды қолданып отырмыз. Биыл келесі үш жылдықтың бюджетін әзірлегенде біз қазіргі күні лимиттердің барлығын мемлекеттік органдарға жібердік, сол лимиттерді де сайтта көрсетіп отырмыз. Сіз айтқан бюджеттік ашықтық рейтингісімен жұмыс істеп жатырмыз. Келесі жылдары бұл едәуір көтеріледі деп сендіргім келеді. Бұған да бюджеттік кодекске енгізілген өзгерістер өзінің әсерін береді», - деп жауап берді Бақыт Сұлтанов.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер