BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Сенат «Кинематография туралы» заң жобасын қабылдады

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенат отырысында депутаттар «Кинематография туралы» ҚР Заң жобасын қабылдады. Заң жобасымен ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы таныстырды.

«Заң жобасы фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құруды қарастырады. Қазіргі кезде киноаралық мониторингтер процесінде мемлекеттің рөлі бір функциямен шектелген. Ол – көрсетілімге прокаттау куәлігін беріп, фильмнің жас индексін тағайындау. Мемлекетіміздің аумағына кіргізілген фильмдердің саны, олардың көрсетілу жиілігі және басымдықтарын анықтайтын ортақ база жоқ. Күнделікті сеанстар, сатылған билеттер, көрермендер санының гратациясы бойынша біраңғай ақпарат көзі де жоқ. Заң жобасы деректерді есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құруға мүмкіндік береді», - деді Мұхамедиұлы.

Министрдің айтуынша, заң жобасы жалпы кинематография саласын дамытуғы ықпалын тигізеді. Заң қаржыландыру, цифрлық жүйеге көшу, дубляж жасау және тағы басқа маңызды тармақтарды қамтыған.

Бұған дейін Сенатта Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова да аталған заң жобасы жайлы баяндаған болатын. Ол ұлттық фильм көрсететін кинотеатрлар салықтан босатылып, шетелдік фильмдердің барлығы қазақшаланатынын айтқан еді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер