BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Сенат әкімдерді төте сайлайтын норманы алып тастады

Бүгін Парламент Сенатының отырысында ҚР кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заң жобасы қаралды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Заң жобасын талқылау кезінде бірқатар өзгеріс енгізу қажеттілігі туындады.

«Бірінші, Мәжіліс депутаттарын сайлауда қолданылатын сайлау жүйесін барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау тәртібіне тарату ұсынылады. Екінші, мәслихаттар депутаттарын сайлауды оңтайландыруға байланысты аудандық сайлау комиссияларын жою ұсынылады. Олардың функциялары мен өкілеттіктері аумақтық сайлау комиссияларына беріледі. Олардың екі мүшесі өздерінің өкілдіктерін тұрақты кәсіби негізде жүзеге асырады. Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік деректер базасын интеграциялау арқылы сайлаушылардың тізімдерін құрастыру тәртібін қайта қарау ұсынылады. Бұл электронды сайлаушылар тізімін қалыптастыруға мүмкіндік береді», - деді Бекетаев Сенат отырысында.

Ол ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің демократиялық сайлау стандарты сайлау құқықтары мен бостандықтары туралы конвенциясына сәйкес келтіруге бағытталған түзетулер барын атап өтті.

Бұл заң жобасы екі кодекске және үш заңға толықтырулар енгізу қажеттілігін тудырады. Бюджет кодексіне енгізілген түзетулер сайлаушылар мен сайлау комиссиялары мүшелерін оқыту үшін жергілікті бюджет қаражатын жұмсау мүмкіндігін айқындауға байланысты. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске түзетулер енгізу округтік сайлау комиссияларының таратылуына байланысты, жергілікті атқарушы органдарды сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды қамтамасыз етуге өкілеттік берумен, сондай-ақ саяси партиялар жарғысының мазмұнына талаптар белгілеуге және ауылдық деңгейдегі әкімдердің біліктілік талапарына байланысты жергілікті өзін-өзі басқару, саяси партиялар және мемлекеттік қызмет туралы заңдарға түзетулер блогы ұсынылады.

«Мемлекеттік бюджеттен талап етілетін қаржылық шығындарды республикалық бюджет комиссиясы мақұлдады. Сайлау туралы заңнаманы жетілдіру адам құқықтарының институты мен технологиялық прогрестің дамуымен байланысты табиғи процесс болып табылады», - деді әділет министрі.

Заң жобасы «ҚР сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Бұл партия тізімі бойынша сайланатын мәслихат депутаттарын пропорционалды сайлау жүйесі, аймақтық сайлау комиссияларын тарату, кәсіби негізде аумақтық сайлау комиссиясының екі мүшесіне өкілеттілігін жүргізу, сайлау процесінде цифрландыру элементтерін енгізу, соның ішінде сайлаушылар тізімін цифрландыру, электронды БАҚ-та сайлауалды насихат өткізу тәртібін белгілеу, халықаралық бақылаушылардың аккредиттерін қайтару тәртібін нақтылау.

Сенаторлар заң жобасын қарай отырып, өздері енгізген түзетулерді Мәжіліске жіберді. Олар аудандық маңыздағы қала, ауыл, елдімекен, ауылдық округ әкімдерін төте сайлау құқығын енгізетін норманы алып тастады.

Сондай-ақ, заң жобасында ҚР елтаңбасындағы «Қазақстан» жазуын латын әліпбиінде жазу туралы түзетулер енгізілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер