BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.53
Астана:

Сенат депутаты ОҚО-дағы кәсіпорындарды аралады

Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаев Оңтүстік Қазақстан облысындағы жұмыс сапары барысында өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, әлеуметтік мекемелердің еңбек ұжымдарымен кездесті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенатор Сарыағаш, Қазығұрт, Созақ, Бәйдібек, Ордабасы, Төле би, Сайрам және Түлкібас аудандарының тұрғындарымен жүздесулерде Парламенттің заң шығару қызметі, аймақтағы әлеуметтік мәселелерді шешудің келешегі туралы әңгімеледі.

Кездесулердегі әңгіменің басты тақырыбы Елбасы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауындағы 10 негізгі міндет туралы болды. Бектаев атап өткендей, Мемлекет басшысының бастамалары еліміздің технологиялық және инфрақұрылымдық дамуының жаңа негізгі сатысы болуы тиіс. Экономиканы, саясатты және ұлттық сананы жаңғырту – еліміздегі ауқымды жаңарулардың негізгі бөліктері болып табылады.

Сенатор еліміздің экономика және әлеуметтік саладағы тарихи жетістіктерін еске салды. Биылғы қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Қазақстанның төрағалық етуі біздің еліміздің халықаралық аренада мойындалуының көрсеткіші болып табылады.

Бектаев облыс тұрғындарын әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына ену жөніндегі Президент стратегиясын іске асыруға бар күш-жігерді салуға шақырды.

«Парламент Мемлекет басшысының шешімдерін қолдауды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етеді, - деді депутат. – Өткен жылы Парламент еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға, салық және кеден заңнамасын жаңартуға, құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге арналған 94 заң қабылдады»


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер