USD 335.61 EUR 361.32 RUB 5.26
Астана:

Нұрлан Нығматулин: Заң халыққа атауынан бастап түсінікті болуы тиiс

Заң жобалары атауынан бастап азаматтар үшiн түсiнiктi болуы керек. Ең бастысы, заңдар халық үшiн жазылуы керек. Бүгiн Мәжiлiсте «Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы» заң жобасын талқылау барысында төменгi палатаның төрағасы Нұрлан Нығматулин осындай пiкiр бiлдiрдi, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы» заң жобасын талқылау барысында депутаттар құжаттың атауы оның мазмұнына сәйкес келмейтiнiн айтты. Бұл ұсынысты Мәжiлiс төрағасы Нұрлан Нығматулин қолдады.

«Заң жобасының атауын өзгерткен дұрыс шығар. Мысалы, «қылмыстың кейбiр түрлерiнен жәбiр көргендердiң зардабын өтеу» деп атауға болады. Заң жобасының мәнi қор құруда емес, жәбiрленушiлерге өтемақы төлеуде болып отыр. Заң жобалары атауынан бастап азаматтар үшiн түсiнiктi болуы керек. Атауын оқыған адам бiрден заң жобасының не жөнiнде екенiн ұғуы тиiс. Ең бастысы, заңдар адамдар үшiн жазылуы керек», - дедi Нұрлан Нығматулин.

Айта кетейiк, қылмыстық құқық бұзушылықтардан жәбір көргендердiң жекелеген санаттарына сот үкiмi шыққанша бiржолғы қаржылық өтемақы төлеу көзделiп отыр. Мұның құқықтық негіздерi «Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы» заң жобасында айқындалған. Мәжiлiстiң жалпы отырысында аталмыш заң жобасы бiрiншi оқылымда мақұлданды.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады