BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Мұнда келіп лекция оқудың қажеті жоқ – Нығматулин Данияр Ақышевқа

Фото: kapital, liter.kz

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заң жобасының алғашқы оқылымында спикер Нұрлан Нығматулин Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышевқа депутаттар сауалына нақты жауап беруін сұрады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Данияр Талғатұлы, залдың реакциясын көріп отырсыз ба? Бізде мұндай жағдай бұрын да болған. Сіздердің әріптестеріңіздің бірі мінберге көтерілді, жауап берді, содан кейін Нұрлан Зайруллаұлы регламент бойынша уақыт бітті деді. Ол көп сөзбен депутаттар қоятын сұрақтарды шектеймін деп ойлаған-ау. Біздің құқығымыз бар, сізді күн бойы тыңдауға әзірміз. Нақты жауап беріңіз. Нақты сұрақ болды: Ұлттық банк осындай мәмілелердің сомасы бойынша шектеулер енгізуді жоспарлап отыр ма? Иә, не жоқ деп жауап беріңіз. «Иә» болса қандай көлемде? Мұнда келіп лекция оқудың не қажеті бар?», - деді Нұрлан Нығматулин заң жобасын талқылау барысында.

Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев «Шығарылатын ақшалардың көлеміне ешқандай валюталық шектеу жоқ», - деп қысқа қайырды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер