BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Министр теңгенің құнсызданғанына қарамастан жол құрылысы жүргізіле беретінін айтты

Фото: Gagauz.md

Мәжілістегі Үкімет сағатының кулуарында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек теңгенің құнсызданғанына қарамастан еліміздегі жол құрылысы жоспардағыдай жүргізіле беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Мен жол құрылысына пайдаланылатын отандық өндірушілер материалдарының үлесі 95% екенін айтқамын. Теңге бағаманың өзгеруі осыдан 2-3 жыл бұрын жол құрылысы мен жол жөндеу жұмыстарына әсерін тигізген жоқ. Қазірде де сол кездегідей болады деген сенімдеміз. Бүгінгі отырыста көп сұрақтар қойылды. Бағдарлама аясында («Нұрлы жол» – автор) басымдық берілген жолдар салынады. Біз олардың құрылысын бірінші кезекте жүргіземіз», - деп түйіндеді сөзін министр.

Айта кетейік, бүгін Мәжілісте «2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында автомобиль жолдарын дамыту тақырыбында Үкімет сағаты өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 7 қыркүйекте күндізгі сессия қорытындысы бойынша теңге құнсызданып, оның долларға қатысты бағамы 375,56 жеткен болатын.

Қазіргі таңда 1 АҚШ долларының құны 381 теңге деңгейін өскен. Доллар 379-381,5 теңге шамасында сатылып жатыр.

Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9:12 кезінде Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы 77,31 теңгені құрады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер