USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Мәжіліс төрағасы: Нұрсұлтан Назарбаев – қазақстандық парламентаризм моделінің негізін қалаушы  

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Астанада «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы: Нәтижелер. Жетістіктер. Келешек көкжиегі» халықаралық конференциясында құттықтау сөз сөйлеп, біздің еліміздің қалыптасуы мен дамуы жолында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың теңдессіз рөліне тоқталды, деп хабарлайды Baq.kz.

«Біз 25 жылдың ішінде барлық қиындықты жеңіп, дамыған 50 елдің қатарына кірдік. Бұл шынында тарихи жеңіс. Бұл Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының, батыл қадамдарының, тарихи шешімдерінің жеңісі. Сондықтан, 25 жылдық биік белестер – еліміз үшін, халқымыз үшін жарқын болашаққа жол ашып отыр»,-деді Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс төрағасы атап өткендей, Елбасының басшылығымен жеткен бұл мерейтой ел тарихында ерекше кезең. Қазіргі уақытта әлем алдында Қазақстанның өз беделі, абыройы, биік мәртебесі бар.

Н. Нығматулиннің пікірінше, тәуелсіздіктің ақ таңы атқан шақта халық өзінің шынайы таңдауын жасады. Нұрсұлтан Назарбаевты Ел Президенті ретінде таңдай отырып, тағдырлы шешім қабылдады. Сол уақыттан бастап, Елбасы мемлекетіміздің қарқынды дамуының, Қазақстанның гүлденуінің кепіліне айналды.

Маңызды халықаралық жиынның ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Форум жұмысына Беларусь, Бельгия, Иран, Италия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Латвия, Польша, Ресей, АҚШ, Түркия, Финляндия, РГФ және Швеция елдерінің парламенттік өкілдері мен сарапшылары қатысуда.

Шара үш сессияны қамтиды. Олар: «Қазақстандағы негізгі саяси және экономикалық реформалардың қорытындылары», «Қазақстан әлемдік саясатта», «Қазақстан: Келешек көкжиегі».

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер2
Kamilla
Қай сайттың жаңалықтарын ашып қалсаң да халықаралық конференция өтті, басшылар кездесті деп жатады. Соның барлығы дамып жатқанымызды көрсетеді.
Жәнібек
Басшысы жоқ ел жетім. Елбасыдай басшымыз болған бізге Жаратқан бір көмек қылғандай. Лайым басымыздағы бағымыздан айырмасын.

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады