BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Мәжіліс отандық кинематография саласын дамытуды көздейтін заң жобасын мақұлдады

Фото: интернеттен

ҚР Парламенті Мәжілісінде “Кинематография туралы” заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Сондай-ақ отырыста депутаттар “ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы” заң жобасына қолдап дауыс берді.

Аталған заң жобаларын ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы таныстырды.

“Біз екі маңызды жобаға қолдау білдірдік. Алғаш рет Қазақстан кинематографиясының құқықтық негізі қаланып, мемлекеттік қолдауға ие болды. Бұл - өте маңызды шешім. Ол әрбір қазақстандық кинематографқа қажет”, - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин отырыста.

Еске сала кетсек, ҚР Парламенті Мәжілісінде «Кинематография туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының бірінші оқылымында палата төрағасы Нұрлан Нығматулин елдегі фильмдерге «ұлттық» мәртебе беру барысында сұрыптау белгілеріне қатысты пікір білдірді. Ол қазақстандық фильмдердің барлығын сақтау қажеттілігі бар екенін айтты және отандық кинотеатрлардың жұмысын бақылауға алу керектігін жеткізді.

Сондай-ақ Мәжілісте баяндама жасаған ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Қазақфильм» киностудиясының техникалық жабдықталуы төмен екенін мәлімдеді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов елімізде балалардың мультфильмдерді тек орысша көріп жүргенін айтып, аталған мәселеге назар аударуды талап етті.

Сонымен қатар, ҚР Парламенті Мәжілісінде «Кинематография туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының бірінші оқылымында сөз сөйлеген депутат Бекболат Тілеухан отандық фильмдер түсіруге қолайлы жағдай жасап, көрерменге өз өнімдерімізді көптеп ұсынатын сәт келгенін мәлімдеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер