BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Мәжіліс депутаттары «iKomek» орталығымен танысты

Мәжіліс депутаттары өңірлерге іс-сапары барысында өндіріс орындары мен әлеуметтік – мәдени нысандарды аралап, халықпен және еңбек ұжымдарымен кездесті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында айтылған маңызды бағыттарды, бес әлеуметтік бастаманы заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, сондай-ақ, үшінші парламенттік сессияның жұмыс қорытындысы кеңінен талқылады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін Мәжіліс депутаттары Сапар Ахметов пен Бекболат Тілеухан Астанада «iKomek» мониторинг және жедел әрекет ету орталығында болып, қазіргі тыныс-тіршілігмен танысты.

Кездесу барысында депутат Сапар Ахметов Елбасы бастамаларының әрбір азаматтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталғанын алға тарта келіп, жүзеге асырылып жатқан маңызды жобалар мен олардың заң жағынан қамтамасыз ету жайында кеңінен баяндады.

Атап өткеніндей, бес әлеуметтік бастама аясында қолға алынған 7-20-25 бағдарламасы еліміз азаматтарына жеңілдікпен баспанаға қол жеткізуге жол ашады.

Мәжіліс депутаттары келген «iKomek» орталығы 2017 жылы апаттар мен жазатайым оқиғалармен күрес бойынша коммуналдық және жедел қызметтердің жұмысын үйлестіру және бақылау, сондай-ақ азаматтардың өтініштерін қабылдау мақсатында құрылған.

Орталық 4 мыңнан аса бейнебақылау құрылғыларымен жабдықталған. Камералар әсіресе адамдар көп жиналатын аймақтар, яғни ойын-сауық орталықтары, мешіттер, аялдамалар мен вокзалдарда орнатылған.

«iKomek» мониторинг және жедел әрекет ету орталығының» директоры Жанат Дубированың айтуынша, орталық аясында халыққа әкімдіктің 17 басқармалары, 91 коммуналдық және төтенше жағдайлар мен 637 мекеме қызмет көрсетеді. Бұл қызмет түрлері 109 нөмірі бойынша жүзеге асырылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер