BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Мәжіліс депутаттары аймақтарда халықпен кездесулер өткізуде

Мәжіліс депутаттары бүгінгі таңда өңірлерде халықпен және еңбек ұжымымен кездесулер өткізуде. Алғашқы сапар Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Астана мен Шымкент қалаларында өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Парламент депутаттары халықты Мемлекет басшысының негізгі бағдарламалық құжаттары мен бастамаларын іске асыру үшін қабылданған заңнамалық жаңалықтар туралы хабардар етеді. Сапар барысында үшінші сессияның заңнамалық қызметінің нәтижелері туралы ақпараттандырады. Бүгінгі таңда қаралған 129 заң жобасынан 84 заң жобасы қабылданды.

Сонымен қатар, кездесуде Президенттің бес әлеуметтік бастамасын іске асыру тетіктеріне ерекше назар аударылады.

Атап айтқанда, Мәжіліс депутаттары Гүлнар Бижанова мен Серік Сәпиевтің Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы Қушоқы ауылындағы «Ботақара жылу» еңбек ұжымымен кездесуінде халықты «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үй алудың тетіктеріне қызығушылық танытты.

Кездесу барысында аудан үшін өзекті мәселелерге де назар аударылды. Атап айтқанда, 60 жылдардың басында салынған жергілікті су желілерін қалпына келтіру мен жедел жәрдем бөлімшесінің жабылуы сияқты проблемалар көтеріліп, өз кезегінде Мәжіліс депутаттары бұл мәселелерді дербес бақылауларына алды.

Халық қалаулылары өңірлерде әлеуметтік және өндірістік нысандардың еңбек ұжымдарымен кездесуде бірінші кезекте заңнамалық деңгейде, экономиканың әртүрлі салаларын дамыту жөніндегі қажетті қолдау шараларын талқылауда.

Мәселен, Мәжіліс депутаттары Павел Казанцев, Бақытжан Ертаев және Жанат Омарбекова мен Юрий Тимощенконың Астана қаласындағы «Еврокоптер Казахстан Инжиниринг» ұжымымен кездесуінде инновациялық әлеуетті, сондай-ақ зауыт тікұшақтарын қолданатын туризм индустриясын дамыту туралы болды. Депутаттардың пікірінше, бұл үшін қажетті заңнамалық нормаларға назар аударып, алдағы сессияда тиісті заң жобасы Мəжілістегі жұмыс топтарында талқыланатын болады.

Мәжіліс депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобының мүшесі Наталья Жұмаділдаеваның аймақтарға жұмыс сапары барысында Шымкент қаласындағы С.Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицейінің және қалалық Оқушылар сарайының жұмысымен танысып, педагог кадрлармен кездесті. Онда еліміздегі білім беру саласындағы реформалар мен мұғалімдерді әлеуметтік қорғау мәселелеріне назар аударылды.

Сапар барысында Мәжіліс депутаттары Елбасының негізгі міндеттерін жер-жерлерде қалай іске асырылып жатқанына да назар аударуда.

Орал қаласына мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барған депутаттар Снежанна Имашева, Евгений Козлов, Глеб Щегельский және Сергей Симонов Батыс Қазақстан облысының цифрландыру мәселелеріне назар аударды.

Ал, Мәжіліс депутаттары Абзал Ералиев, Бақытбек Смағұл және Геннадий Шиповских Қызылорда облысына барған сапары аясында Жаңақорған ауданындағы SKZ-U күкірт қышқылы зауытының қызметкерлерімен кездесті. Мұнда қоршаған ортаға зиян келтірмейтін алдыңғы қатарлы экологиялық қауіпсіз технология мен энергияны үнемдеу әдістері кеңінен қолданылуда.

Зауыт жұмысының нәтижелерімен танысқан Мәжіліс депутаттары кәсіпорынның ел экономикасын дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті. Сондай-ақ, Парламент депутаттары өндірілген өнімнің халық шаруашылығында кеңінен қолданылатынына сенім білдірді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер