BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

“Қорқудың қажеті жоқ”. Нығматулин отандық киноиндустрияны дамытудың маңызын айтты

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин ҚР Ұлттық экономика министрлігіне отандық киноиндустрияны дамыту неге маңызды екенін түсіндірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бүгін Мәжілісте “Кинематография туралы және “ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы” заң жобалары таныстырылды. Аталған заң жобалары туралы баяндаманы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жасады.

Отырыс барысында Нұрлан Нығматулин ҚР Ұлттық экономика министрлігіне отандық киноиндустрияны дамыту неге маңызды екенін түсіндірді.

“Экономикасы қуатты АҚШ-қа қараңыздаршы. Мұнда мемлекеттік бюджеттік қалыптастыруда киноиндустрия саласы да ескеріледі. Біз де осындай жағдай жасау керек. Сондықтан қорқудың қажеті жоқ. Егер киноиндустрия саласына көмектеспесеңіздер, Айбатыр Нышанбайұлы ,(ҚР Ұлттық экономика вице-министрі - автор) “Ленин в Октябре. Человек с оружием” атты фильмді көре бересіз. Мені коммунистер кешірсін. Солай дамымай қала береміз", - деді спикер.

Сіз (ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов - автор) бұл мәселені Үкіметте қарап жатырсыз. Сол себепті аталған мәселеге тағы да назар аударыңыз”, - деді Мәжіліс төрағасы.

Еске сала кетсек, ҚР Парламенті Мәжілісінде «Кинематография туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының бірінші оқылымында палата төрағасы Нұрлан Нығматулин елдегі фильмдерге «ұлттық» мәртебе беру барысында сұрыптау белгілеріне қатысты пікір білдірді. Ол қазақстандық фильмдердің барлығын сақтау қажеттілігі бар екенін айтты және отандық кинотеатрлардың жұмысын бақылауға алу керектігін жеткізді.

Сондай-ақ Мәжілісте баяндама жасаған ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Қазақфильм» киностудиясының техникалық жабдықталуы төмен екенін мәлімдеді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов елімізде балалардың мультфильмдерді тек орысша көріп жүргенін, аталған мәселеге назар аударуды талап етті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер