BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Қазақстанға келген 2,5 мыңнан астам шетел азаматы қылмыс құрбаны болған

Фото: ашық дереккөзден

Соңғы үш жылда Қазақстанда 330 мың шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 2,5 мыңнан астам шетел азаматы қылмыс құрбаны болған. Бұл туралы Мәжілістегі үкімет сағатында Заңнамалық және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«2015 жылдан бері елімізге келетін шетел азаматтарының саны жыл сайын 20 пайызға артып отырды. Тек өткен жылы 5,5 миллионнан астам шетел азаматы келді, олардың басым бөлігі ТМД елдерінен келген. Осы ретте, ішкі істер органдарында тек 2,5 миллионнан астам адам тіркелгенін айта кету керек, яғни жартысынан азы. Бұл өте маңызды тақырып, себебі мигранттар тарапынанан құқықбұзушылық көп тіркеледі. ІІМ мәліметі бойынша, соңғы үш жылда әкімшілік жауапкершілікке 330 мың мың шетелдік тартылды, ал елден көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 36 мың азамат аластатылды. Сонымен, шетелдік азаматтарға қатысты 3506 қылмыстық іс қозғалды, олардың басым бөлігі ұрлық және есірткі қылмыстарымен байланысты. Ал, 2,5 мыңнан астам шетелдік өздері қылмыс құрбаны болған. Көші-қон қызметінің осалдылығы осыдан көрініп-ақ тұр», - деп баса Н.Әбдіров.

Әбдіров толықтырып кеткендей, Қазақстанда заңсыз көші-қонмен күресетін органдардың тиімділігін арттыру керек.

«ІІМ ҰҚК шекара қызметімен бірлесіп өткізу пункттарында биометриялық бақылауды енгізуі керек. Осылайша заңсыз көші-қон арналарының жұмысына тосқауыл қойылады және де тұлғаны анықтау барысында паспорттық-визалық, өзгеде құжаттардың қорғалуын қамтамасыз еткен жөн», - дейді депутат.

Бұдан басқа, Мәжілісте еліміздің халықаралық міндеттемесін есепке ала отырып заңсыз мигранттарды депортациялаудың тиімді әдісін жасақтау керек деп есептейді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер