BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.04 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

«Халық коммунистері» ТКШ мәселелері бойынша заң жобасын талқылады

Астана, BAQ.KZ. Мәжілісте «Халық коммунистері» фракциясының кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыстың тақырыбы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына арналды.

Заңнамалық құжат әрбір көппәтерлі тұрғын үйде меншік иелерінің бірлестігін құру жолымен басқару органдарының қызметін реттеуге, пайдаланылатын шығыстардың ең төменгі мөлшерін белгілеуге, тұрғын үйлердің ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарына қаражат жинаудың тетіктерін регламенттеуге және басқа да мәселелерге бағытталаған.

Тұрғын үй қатынастарындағы қалыптасқан жүйені реформалау мақсатында кондоминиумды басқару үшін коммерциялық емес жаңа нысан – меншік иелерінің бірлестігін (МИБ) құру көзделіп отыр. «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның негізгі жаңалықтарының бірі - тұрғын үй қорының және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығының Бірегей ақпараттық жүйесін құру және енгізу болып табылады.

Осылайша, қызмет көрсетуші компаниялар мен түрғын үй иелерінің арасындағы жариялылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қаржысының жұмсалуына және басқарушы компаниялар мен энергиямен жабдықтаушы кәсіпорындардың қызметіне бақылау орнату.

«Халық коммунистері» фракциясының кеңейтілген отырысына «Нұр Отан» және «Ақжол» партияларының депутаттары, мемлекеттік органдардың, аймақтардың, қауымдастықтар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Жиналыстың қорытындысы бойынша тиісті Ұсыным әзірлеуге шешім қабылданды. Бұл құжат фракцияның кезекті отырысында қабылданады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер