USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Д.Назарбаева НАТО-ның Арнаулы өкілімен кездесті

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева НАТО Бас хатшысының Орталық Азия және Кавказ жөніндегі Арнаулы өкілі Джеймс Аппатураймен кездесті. Кездесуге сенаторлар Икрам Адырбеков және Мұхтар Алтынбаев қатысты, деп хабарлайды parlam.kz.

Д.Назарбаева НАТО-мен әріптестікті дамыту Қазақстанның сыртқы саяси бағытындағы маңызды басымдық екенін атап өтті. Әңгіме барысында қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы ұлттық әлеуетін нығайтуға, аймақтық тұрақтылыққа төнетін қатерлер мен қауіптерге қарсы іс-қимылға жәрдемдесетін Солтүстік Атлантика альянсының қазіргі кездегі бағдарламалары мен үздік тәжірибесін тартуға біздің еліміздің мүдделі екені атап өтілді. НАТО Бас хатшысының Арнаулы өкілі Қазақстан мен Солтүстік Атлантика альянсы арасындағы өзара іс-қимылды, еліміздің бітімгерлерінің дайындық деңгейін оң сипаттай отырып, Қазақстанның жаһандық дипломатиядағы рөлін жоғары бағалады.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады