Депутат Еңсегенов Атырау облысында мұғалімдермен кездесті - Парламент|13 Қаңтар 2018, 11:49
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Депутат Еңсегенов Атырау облысында мұғалімдермен кездесті

Парламент Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Атырау облысындағы Құрманғазы ауданында болды, сондай-ақ Фариза Оңғарсынова атындағы орта мектептің мұғалімдерімен және Атырау кентінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Еңсегенов өз сөзінде Мемлекет басшысы Назарбаевтың Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы еліміздің дамуына арналған Жолдауының негізгі ережелерін түсіндірді. Білім беру саласына қатысты сенатор Жолдаудағы «Адами капитал – жаңғыру негізі» туралы жетінші міндетті жүзеге асырудың маңызына тоқталды. Білім беру жүйесін реформалау қазіргі замандағы экономиканың талаптары мен еңбек нарығына сай білікті мамандарды даярлауға бағытталуы тиіс екені айтылды.

Еңсегенов «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында Президент білім беру жүйесін әлемдегі үздік стандарттары деңгейіне жеткізу және бәсекеге қабілеттілігін арттыру туралы тапсырма бергенін еске салды. Сенатор, сондай-ақ, жас ұрпақ қазіргі заманғы технологияларды толық игеру үшін барлық мектепті интернетке қосудың маңыздылығын атап өтті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер