Денсаулық сақтау министрлігі бюджет қаражатының игерілмеуі бойынша көш басында тұр – сенатор - Парламент|11 Маусым 2018, 17:11
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 411.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.38
Астана:

Денсаулық сақтау министрлігі бюджет қаражатының игерілмеуі бойынша көш басында тұр – сенатор

ҚР Парламент Сенатының депутаты Динар Нүкетаева денсаулық сақтау министрлігінің әлеуметтік блок министрліктері арасында бюджет қаражатының игерілмеуі бойынша бірінші орында тұрғанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бұл сома 4 млрд 146 млн теңгеден асады. Алайда министрлік стратегиялық жоспардың нақты мақсаттарына қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту бойынша міндеттерді толық көлемде іске асыра алмады. Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен, құрал-жабдықтармен жабдықтау қажетті деңгейге жеткен жоқ. Ауыл медицинасының мәселесі төмен деңгейде шешілуде: инфрақұрылым мен материалдық базасы әлсіз. Медицина қызметкерлерінің жетіспеуі, кадрлық тұрақтамауы, дәрі-дәрмекпен толық және уақытылы қамтамасыз етілмеуі және т.б мәселелер», - деді сенатор Нүкетаева.

Ол Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан неліктен аталған ведомствоның бюджет қаражатын игермеу бойынша көшбасшылар қатарына түскенін сұрады.

«2017 жылдың қорытындысы бойынша министрлікте 4,1 млрд теңге игерілмеді. Жалпы бюджеттің орындалуы 98,4 млрд болса да 2-3 ең үлкен жоба бойынша: 4,1 миллардтан 3,2 млрд бұл дүниежүзілік банк жобасы негізінде енгізіліп жатқан инфрақұрылым жобасы, ол бүкіл ақпараттық жүйелерді интеграциялау платформасы. Бұл жоба бойынша біз халықаралық конкурс өткізіп, Ericsson Nikola Tesla компаниямен 2015 жылы келісімшартқа қол қойғанбыз. Бірақ уақытылы орындалмаған соң былтырғы жылдың ортасына дейін шешім қабылдап әрі қарай жылжыттық. Қазіргі күнде жұмыстар аяқталуда», - деді министр.

Біртанов жыл сайын шетелге науқастарды жіберу бағдарламасы бойынша бюджеттің игерілмеуі болатынын атап өтті.

«30 науқасты емдеу аяқталмаған соң 623 млн теңге шетелде емдеу бағдарламасы бойынша игерілмеді. Себебі науқастарды шетелге жыл аяғында жібергенде шетелдік клиникаларға төлем емдеу біткеннен кейін ғана жіберіледі. 287 млн ақша республикалық санитарлық авиация бойынша үнемдеу болды деп айтамыз. Себебі осындай қызметтер көрсетпеген соң осы сома игерілмеді», - деді Біртанов.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер