BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 338.78 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.82 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

Бюджет түсімдері артығымен орындалды – Қаржы министрлігі

Фото: azh.kz

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Парламент Сенатының отырысында 2017 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін баяндады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

2017 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың өсу қарқыны 4%-ке жетті. Оған, біріншіден, мұнай, металл бағаларының жоғары конъюнктурасы, импорт көлемінің өсуі сияқты сыртқы экономикалық факторлар себеп болды.

Екіншіден, ел экономикасының дамуына жағдай жасауға бағытталған салық және бюджет саясаты өз әсерін тигізді.

«2017 жылы бюджеттің түсімдері 9 трлн 799 млрд теңгені құрап, 101,1%-ке артығымен орындалды. Салықтар 2016 жылмен салыстырғанда 13%-ке өсті, яғни бюджетке 4 трлн 848 млрд теңге түсті. Шығыстар жоғары деңгейде 99,8%-ке игеріліп, 11 трлн 156 млрд теңгеге атқарылды. Экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуын және макроэкономикалық тұрақтылықты қолдау шараларын іске асыруға байланысты олардың 2016 жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 31,2%-ті құрады», - деді Сұлтанов.

Оның айтуынша, әлеуметтік салаға 4 трлн теңгеге жуық қаражат бөлінген. Бұл жалпы бюджет шығыстарының 33,7%-ін құраған. Ал, банктерді сауықтыруға бағытталған бір жолғы қаражатты есепке алмағанда әлеуметтік шығыстардың үлесі алдыңғы жылмен салыстырғанда 39%-тен 41,4%-ке дейін өскен.

«Бюджет тапшылығы 1 трлн 357 млрд теңгені құрады. Бұл жоспардан 129 млрд теңгеге төмен болып ЖІӨ-ге шаққанда 2,6% деңгейінде қалыптасты», - деді министр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер