BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.53
Астана:

Биыл 4 мыңға жуық әскери отбасы баспаналы болады

Фото: akcent-media.tv

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенатта әскерилерді баспанамен қамту мәселесі талқыланды. ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Жанжұменов биыл қанша әскери қызметкердің баспаналы болатынын айтты.

«Тиісті заң жүзеге аса бастаған алғашқы кезеңдерде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-тың белсенді көмегімен, Қарулы күштердің 37 мыңнан астам әскери қызметкері жеке арнайы шоттарын ашты. Қазір шоттарға 30 млрд теңгеден астам қаржы аударылған. Биылғы жылы елімізде ТҚЖБ арқылы шамамен 2 335 әскери отбасы жеңілдігі бар ипотека арқылы баспаналы болады. Олар үйді «5-5-25» бағдарламасы бойынша бүгінгі күнгі ең төменгі пайыздық ставкалардың бірімен алады», - деді Жанжұменов.

Вице-министрдің айтуынша, сонымен қоса, 950 әскери қызметкер ақшалай өтемақы төлемдерін алады. Және қызметтік баспана қорын жекешелендіру арқылы 482 әскери қызметкерді тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделіп отыр. Осылайша, 2018 жылы 4 мыңға жуық әскери отбасы баспанамен қамтылады деп жоспарлануда.

«Өз кезегінде, 2019 жылы тек ақшалай өтемақы төлемдерімен 695 отбасын қамтамасыз ету көзделген. Соның ішінде қызметінен кеткен кезде қызметтік баспана берілмеген, қызметтік тұрғын үйін жекешеліндіру құқығын пайдаланбаған және 2013 жылғы 1 қаңтардан 2018 жылғы 1 қаңтар аралығында әскери қызметтен босатылған 76 әскери зейнеткер бар», - деді Талғат Жанжұменов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер