BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Биыл 34 мың мұғалімнің жалақысы өсті

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиева биыл аттестаттаудан өткен 34 мың ұстаз үстемеақыға ие болғанын мәлімдеді.

Алдымен вице-министр жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 221 мың мұғалім дайындалғанын, олардың жалақысы өскенін атап өтті.

«Сондықтан мұғалімдердің еңбекақысына Елбасы тапсырмасы бойынша 30% үстемеақы төленіп жатыр. Биыл педагогтарды аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізілді. 2018 жылғы 1 қыркүйегінен жаңа жүйе бойынша аттестаттаудан өткен 34 мың мұғалім біліктілігіне байланысты 30%-тен 50%-ке дейін дейін үстемеақы алады», - деді Эльмира Суханбердиева Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінде өтіп жатқан үкімет сағатында.

Сонымен қатар ол аттестаттаудан өте алмаған 11 мың мұғалім тестіні 3-4 қарашада қайта тапсырғанын айтты.

Естеріңізде болса, вице-министр мұғалім мәртебесі туралы заңды дайындауға кірісіп кеткендіктерін айтқан болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер