BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

БҒМ үш ауысымды мектептер мәселесін қалай шешеді?

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламенті Сенатындағы Үкімет сағатында Білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиева еліміздегі апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесі қалай шешілетінін мәлім етті.

Вице-министр білім саласындағы өзекті проблемалардың бірі – апатты және үш ауысымды мектептер екенін мойындады.

«Апатты мектептердің қатарында пайдалану мерзімі аяқталып келе жатқан білім ордалары қосылуда. Еліміздегі 82% мектеп 1991 жылға дейін, ал 34% мектеп 1971 жылға дейін тұрғызылған. Үш ауысымды мектептердің проблемасы экономикалық, демографиялық және миграциялық процестерге байланысты болып отыр», - деді ол.

Осы орайда Эльмира Суханбердиева аталған мәселені шешу үшін елімізде жыл сайын 100-ден астам мектеп салынатын жеткізді.

«Биыл 53 млрд теңгеге 108 мектеп салынып жатыр. 3 жылдық бюджетте 97 млрд теңгеге 73 жаңа мектептің құрылысы қолдау тапты. Оның ішінде 50 млрд теңгеге 34 мектеп бар. Үш ауысымды мектеп мәселесін шешу үшін 33 мектеп салынуда. Тағы 30 мектеп алдағы 3 жылда салынады. Оның 19-ы бөлінген 50 млрд теңгеге салынады. Олардың құрылысы республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады 41 мектепті жергілікті органдар тұрғызады. Ал 9 мектепті жеке-меншік инвесторлардың көмегімен саламыз деп жоспарладық», - деді министрдің орынбасары.

Суханбердиеваның айтуынша, апатты мектептердің орнына 13 объекті салынады.

«Оның алтауы жақын жылдары, қалған бесеуі республикалық бюджеттен бөлінетін 50 млрд теңгеге салынады. 12 мектепті жерігілікті органдар тұрғызады. Осылайша, аталған мәселе толығымен шешіледі», - деп түйіндеді сөзін вице-министр.

Айта кетейік, осыған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігі мұғалім мәртебесі туралы заңды дайындауға кіріскенін, биыл қанша ұстаздың жалақысы өскенін және 5 мыңға жуық ұстаздың төрт пәнді ағылшын тілінде оқытып жүргенін жазғанбыз. Сондай-ақ 2019 жылдан бастап информатика пәні 1-сыныптан оқытылатынын, мектептерде жаңа курс енгізілетінін хабарлағанбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
19 Қараша 2018, 02:49
МЕН ӨМІРГЕ ҚАЛАЙ КЕЛДІМ?
Пікірлер