BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Астана мен Алматы әуежайларында 128 ел азаматтарына арналған электрондық виза беріледі

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен «ҚР туристік саласын дамыту туралы» үкімет сағатында Қазақстанға келуге ниетті шетел азаматтары үшін виза мәселесі қалай шешіліп жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Саяси тұрақты және дамыған 64 елдің азаматтары туристік және басқа мақсаттар үшін Қазақстанға визасыз келуге құқылы. 2018 жылдың соңына дейін Алматы мен Астана қалаларында Қытай мен Үндістан азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз транзит енгізілді. Нәтижесінде Қазақстаннан Қытайға транзит ағымы 60%-ке өсіп, қалаға 17 мыңнан астам шетелдік келген.

«Жыл соңына дейін Астана мен Алматы әуежайларында пилоттық режимде 128 елдің азаматтары, соның ішінде Үндістан, Қытай, Иран, Парсы шығанағы елдеріне арналған электрондық виза механизмі іске қосылады. Өкінішке қарай, бүкіл дүние жүзі электронды визамен жұмыс істеп жатқанда Қазақстан әлі кезекке тұрып, қолмен бәрін толтырып жатырмыз. Бұл визаны алу мерзімін 5 күнге қысқартады және процесті едәуір жеңілдетеді», - деді министр.

Оның айтуынша, Өзбекстанмен шекаралық туристік маршруттарды ілгерілету үшін «Silk Way Visa» аясында визаларды өзара тану механизмі талқыланып жатыр. Қазақстан Қырғызстан мемлекеттік шекарасында уақытша туристік өткелдердің ашылуына тікұшақ паркінің қызмет көрсетуіне байланысты Қазақстан 17 жыл ішінде алғаш рет Орталық Тянь-Шаньда стратегиялық артықшылыққа ие болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер