BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Алдағы уақытта үш автомобиль жолы ақылы болады

Фото: ашық дереккөзден

Осы жылдың қарашасынан бастап, «Астана – Теміртау», «Алматы – Қапшағай», «Алматы – Қорғас» автомобиль жолдары ақылы болады. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағаты кулуарында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біз еліміздегі үш жол учаскісінің ақылы болатынын осыған дейін айтқанбыз. Яғни «Астана – Теміртау», «Алматы – Қапшағай», «Алматы – Қорғас» жолдары сынақ түрінде іске қосылды. 1 қарашадан бастап, олар ақылы болады», - деді министр.

Осы орайда ол болашақта 11 мың шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар жол ақылы болатынын атап өтіп, одан түскен қаражатқа республикалық жолдар жөнделетінін айтты.

«Нәтижесінде, олардың есебінен 23 мың шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар жолдар жөнделеді. Демек, оларға тиісті қаражат бюджеттен бөлінбейді», - деп нақтылады Жеңіс Қасымбек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер