USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Қарапайым микротолқынды пештің біз білмейтін сырлары

Микротолқынды пеш пісіруден бастап құрғатуға шейін көп нәрсеге қабілетті. Швейцар пышағы тәрізді көпфункционалдылыққа ие бұл пештің берер мүмкіндіктері жайлы ойланбаған болуыңыз да керек, десе де, anabol.kz сайты осы турасында егжей-тегжейлі түсіндіріп береді. Ал сіз достарыңызды таңғалдыруға дайындалыңыз.

Лимон мен лаймның шырынын шығарыңыз

Қуатын көбейтіп 2 секундқа қойып лимонды қыздырып алыңыз. Лимон шырынды болып шыға келеді.

Шөптерді құрғатыңыз

Ақжелек, аскөк, көкжуа тағы басқа шөп-шаламдарды бірнеше минут ішінде құрғатып ала аласыз.

Бір секундта сарымсақ тазалаңыз

Жоғарғы қуатына қойып 15 секундқа сарымсақты қыздырып алсаңыз, оңай әрі тез ашылады.

Қатып қалған нанды жаңа піскендей ету

Иа, бұл да мүмкін. Ол үшін жай ғана нанды дымқыл орамалға орап, жоғары қуатына қойып 10 секундта қыздырып алыңыз.

Қытырлақ картоп (чипсы) жұмсарып кетсе...

Астына орамал төсеп, қытырлақ картопты тізіп шығып кішкене уақыт қыздырып алыңыз. Орамал артық майларын өзіне сорып алады да қайтадан картоп қытырлақ қалпына келеді.

Ыстық компресс жасаңыз

Қарапайым ғана әдіс. Орамалды бірнеше минутқа микротолқынды пешке қойып қыздырып алсаңыз, компресс дайын.

Пеш өзі тазаланады

Бұл құпияны бірі білсе,бірі біле бермейді. Бар болғаны сірке суын ыдысқа құйып 5 минуттай пеште қыздырып алыңыз. Пештің іші мұнтаздай таза болып, жағымсыз тамақтың иісі кетеді.

Ыдысты тексеріп көріңіз

Кесе алыңыз да ішіне су құйып, пеш ішіндегі контейнерге немесе тарелкаға кесені қойыңыз. Бір минутта қыздырып тез тексеріп ала аласыз. Егер су ыстық болып, кесе салқын күйінде тұрса, ыдысты микротолқынды пешке қолдана берсеңіз болады, ал кесе қызып, су ысымай қалса, онда бұл ыдыстың қажеті шамалы.

Іске сәт! Біз ұсынған ақпарат пайдаңызға жарар деген ниеттеміз!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады