BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Ғалымдар жүрек-қан тамырлары аурулары қаупін қалай төмендетуге болатынын айтты

Аптасына екі уыс жаңғақ жеген адамдарда жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыру қаупі төмен болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Daily Mail-ға сілтеме жасап.

Гарвард университетінің ғалымдары осындай қорытындыға келді.

Зерттеуге 200 адам қатыстырылып, нәтижесінде жаңғақтың барлық түрі адамдарды ерте өлімнен сақтайтыны дәлелденген.

Бадам, жаңғақ, кешью, фисташка немесе пекан сияқты жаңғақтар қосылған тағамдарды аптасына бір немесе екі рет тұтынған адамдардың 23 және 15 пайызында жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығу қаупі төмендеген.

Жаңғақтан басқа, осындай көлемдегі арахистерді тұтынған адамдарда жүрек қан тамыры аурулары 15 және 13 пайызға төмен болған.

Аптасына бір уыс не одан да көп жаңғақ жегендердің аурулары 21 және 19 пайызға азайған.

Жаңғақтың құрамында антиоксиданттар, белок пен нәрлі заттар, тағамдық талшықтар болуына байланысты пайдалы екені белгілі.

Жүрек қан тамырлары ауруларынан басқа жаңғақтар түрлі аурулардың алдын алуға, оның ішінде қатерлі ісік, диабет, тыныс алу жолдары ауруларына да көмектеседі.

«Біздің зерттеуіміз созылмалы аурулардың қаупін төмендету үшін тамақ рационына түрлі жаңғақтарды қосу қажет деген ұсынысты растады»,- дейді зерттеу жүргізген автор, диетолог Марта Гуаш-Ферре.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер