USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

28 қарашаға жұлдыз-жорамал

Жұлдыз жорамалға қарап, адамның болмысын ашуға болады. Кейде тіпті жұлдыз жорамалда айтылған нәрселер дәлме-дәл келіп қалғанда, ерекше таңғалып қалатынымыз бар. Бүгінге жұлдыздар не болжады екен?

Тоқты
Денсаулығыңызға көп көңіл бөлгеніңіз жөн. Денсаулыққа пайдалы жаттығуларды жиі жасаңыз. Ешкімнің ақыл-кеңесін тыңдамаңыз. Шешімді тек өзіңіз қабылдаңыз. Жаңа өзгерістерді қабылдауға қорықпаңыз.

Торпақ
Бүгін сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңыздың жақсарғанын түсінесіз. Сүйіктіңізге бостандық беріп, барлық жауапкершіліктен босатыңыз. Ол сол кезде барлық жауапкершілікті мойнына алып, қиын сұрақтардың жауабын табады. Қатемен жұмыс жасайсыз. Барлығына бағаны әділетті түрде беруге тырысыңыз.

Егіздер
Жұлдыздар алаңсыз жүріп, көңіл көтеретін той-думандарға баруға кеңес береді. Бүгін ерекше жанмен танысасыз. Қарым-қатынастарыңыз ұзаққа созылуы мүмкін. Болмашы нəрсеге ашулана беруіңізді қойыңыз.

Шаян
Белсенді болуға тырысыңыз. Міндетті түрде жолыңыз болады. Бүгін болашағыңыздың жарқын болуына әсер ететін тұлғалармен танысасыз. Қай жерде болмасын сөз таластырудан аулақ болыңыз.

Бикеш
Бүгін сырт келбетіңізге өзгеріс енгізуіңіз мүмкін. Көпшіліктің көзайымына айналу үшін, өзіңізді өзгертпесеңіз де болады. Онсыз да сіз керемет жансыз. Айналаңыздағыларға өзіңіздің кім екеніңізді дәлелдеуге тырысасыз. Батыл болып, шешімді дұрыс қабылдайсыз.

Арыстан
Отбасылы арыстандар, дәл қазір отбасылық өмірде жіберген қателіктермен жұмыс істегеніңіз жөн. Сүйіктіңіз алдыңызда иіліп, сізді кешіруге дайын. Екеуіңіздің татуласуларыңызға ортақ достарыңыз көмектеседі. Ал бойдақтарға ақша үнемдеуге тура келеді. Ақшаны берекетсіз жоймаңыз

Таразы
Бүгін күш-қуатыңыз тасып, кез келген істі оңай реттейсіз. Дәл қазір достарыңыз бен жақындарыңыздың қылықтары оғаш болып көрінеді. Алайда төзімділіңіздің арқасында көп жетістікке жетесіз.

Сарышаян
Бүгін ескі таныстарыңызбен жолығасыз. Ол алғашқы махаббатыңыз болуы да мүмкін. Бірақ оған бола көп көңіл түсірмеңіз. Өткен өміріңіз жай естелік, қазіргі өміріңіз жарқын болашағыңыз.

Мерген
Бүгін қонаққа барасыз немесе үйіңізге көп қонақ келеді. Қалай болса да, туған-туыстарыңызбен қарым-қатынасты ретке келтіргеніңіз жөн. Ал кешке сүйіктіңізбен ренжісесіз. Ол сіздің ғаламторға көп уақыт бөлетіңізге ренжуі мүмкін.

Тауешкі
Күн бір қалыпты өтпек. Ер адамдардан гөрі әйел затымен жақсы тіл табыса аласыз. Өзіңіздің ақылыңыз бен біліміңізге сүйеніп, бұрынан шешілмей жүрген мәселелердің басын ашуыңыз мүмкін. Алайда, бүгінгі кеш романтикаға толы болмақ. Отбасыңызға көп көңіл бөлуге тырысыңыз.

Суқұйғыш
Өміріңізде кездейсоқ пайда болған жағдайларда мейлінше ақылға жүгініп, өздігіңізше шешім шығарыңыз. Ешкімнің пікіріне құлақ асудың қажеті жоқ. Қаржылық жағдайыңызға да көңіл бөліп қойған абзал.

Балықтар
Сүйіктіңізге қайта ғашық боласыз. Арадағы қарым-қатынастарыңыз туралы жиі ойлайсыз. Осы уақытқа дейін ренжісіп жүрген болсаңыздар, қайта табысасыздар. Ал бойдақ жандар алғашқы махаббатын есіне алып, онымен қайта жолығу үшін түрлі әрекет жасайды. Біреудің ақшасын алмаңыз. Оны сақтап қоямын деп ұрлатып алуыңыз мүмкін.

Ұқсас сілтемелер:
08 Желтоқсан 2016, 08:21
8 желтоқсанға жұлдыз-жорамал
07 Желтоқсан 2016, 08:44
7 желтоқсанға жұлдыз-жорамал
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады