USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

19 қазанға арналған жұлдыз-жорамал

Фото: hochu.ua

Бүгін жұлдыздар қандай кеңес береді?

Тоқты

Бүгін өзіңіз туралы ойыңыз өзгереді. Жақын достарыңыз дұшпаныңызға айналса, кеше ғана сізді ұнатпай жүрген жандар жақыныңызға айналады. Күннің алғашқы бөлігінде қатты шаршайсыз, ал екінші бөлігінде жаныңызға жақын жұмыстармен айналысасыз.

Торпақ

Сізде барлығы ойдағыдай болады. Алдыңыздан кедергілер шықса да, оларды оңай өткеріп отырасыз. Табандылығыңыз бен шешім қабылдай білуіңіздің арқасында алдыңызға қойған мақсатыңызға жетесіз. Алдыңызда аздаған қиындық туындайды. Бірақ одан сүрінбей өтесіз.

Егіздер

Алдыңызға қойған мақсатыңыздың не екенін білмей, адасасыз. Достарыңыздан көңіліңіз қалып, олардың сынын жүрегіңізге жақын қабылдайсыз. Кешке жаныңызға тыныш жерге барыңыз.

Шаян

Айналаңыздағылармен тіл табыса алмай, қатты қиналасыз. Жақындарыңызбен ренжісіп, олардың тарапынан көп сын естисіз. Сізге тиесілі сыбағаның басқаға кеткені ашуыңызға тиеді. Сіздің көңіліңізге жағу қиынға соғады.

Арыстан

Табандылық танытсаңыз ғана белгілі бір нәтижеге қол жеткізесіз. Күннің алғашқы бөлігінде ұйқыңыз қанық, ойыңыз сергек болады. Бастаған ісіңізді соңына дейін жеткізіп отырасыз. Көп аяушылық білдірмеңіз. Бірақ кей адам сіздің бұл мінезіңізді пайдаланып кетуі мүмкін. Сондықтан сақ болыңыз.

Бикеш

Бүгін алдыңызға қойған мақсаттарыңызды жүзеге асыруға көмектесетін адамдармен жолығасыз. Тіпті, досыңыз сізге ғашық болып, сізге сезімі туралы айтуы мүмкін. Жаңа адамдармен оңай тіл табысып, өмірлік достар табасыз.

Таразы

Өзгелердің ұсынысын қабылдау арқылы өміріңізді түбегейлі өзгертуіңіз мүмкін. Сондықтан сақ болыңыз. Күннің алғашқы бөлігінде өткен өміріңізге баға беріп, майда детальдарға назар аударасыз. Сырт көзге қатты адам болып көрінсеңіз де, іштей мұңайып жүретін боласыз.

Сарышаян

Қиын сәттер көп болады. Бірақ, қуаныштысы одан да көп болады. Бүгін өзіңізге деген сенімділігіңіз артып, қолыңыздан көп нәрсенің келетінін байқайсыз. Ол жан тыныштығын қамтамасыз етеді.

Мерген

Бүгін сізден төзімділік пен жинақылықты талап етеді. Салқынқанды мінез танытсаңыз, табысқа қол жеткізесіз. Егер бір рет болсын эмоцияңызға ерік берсеңіз, ұзақ жылдар бойы құрастырған дүниеңізден айырыласыз. Білім алып, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіңіз.

Тауешкі

Достарыңыз бен әріптестеріңіздің арқасында көп нәрсеге қол жеткізесіз. Оларды ойланбастан жеке шаруаларыңызға кірістіруіңізге болады. Дәл қазір шешімді батыл қабылдайсыз. Өмірлік жарыңызды жолықтыруыңыз мүмкін.

Суқұйғыш

Бүгінгі күн сіз үшін ойдағыдай өтеді десек те болады. Алдыңыздан кездескен қиындықтарды оңай өткеріп, олардан сабақ аласыз, көп тәжірибе жинайсыз. Достарыңыз бен әріптестеріңіз көп игі істер жасайды. Беделіңізді арттыру мүмкіндігі де туады. Дәл қазір қаржыға байланысты қиындықтарды шешетін уақыт.

Балықтар

Өзіңіз ұнатпайтын адамдармен жүздесіп, олармен тіл табысуыңызға тура келеді. Мұнымен қатар, хабарыңыз жоқ салада жұмыс істеп, қатты қиналасыз. Ал күннің екінші бөлігінде жұлдыздар барынша сабырлы болуға кеңес береді.

anabol.kz.

Ұқсас сілтемелер:
08 Желтоқсан 2016, 08:21
8 желтоқсанға жұлдыз-жорамал
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады