USD 335.61 EUR 361.32 RUB 5.26
Астана:

16 қазанға арналған жұлдыз-жорамал

Бүгін жұлдыздар не дейді?

Тоқты
Сіз бүгін жұмысқа/оқуға қолды бір сілтеп, демалысқа кеткіңіз келеді. Қазіргі сіздің ішкі жан дүниеніңізді түсінетін адам таппай, басқа жаққа кетіп қалғыңыз келеді. Бірақ, сабыр түбі сары алтын, дегендей, бəріне шыдай біліңіз!

Торпақ
Бұл жолы тың ойыңызды жүзеге асыру үшін қолайлы күн. Алайда, нар тəуелке барып маңызды ойды талап ететін шешімдерді ешкіммен ақылдаспай шешіп жүрмеңіз!

Егіздер
Күннің бірінші жартысы бір қалыпты өтеді. Қиялыңызға ерік беріп, қызықты істермен айналсыңыз. Дүкен аралап ойлаған затыңызды ала аласыз, ақша қалай келсе солай кетеді емес пе.? Өз қалауыңызды орындаңыз.

Шаян
«Сабыр түбі-сары алтын» демекші кішкене сабыр сақтасаңыз көңіл-күйіңіз көтеріліп, күніңіз жақсы қарқынмен өтеді. Кешегі бітпей қалған істеріңізді қарастырумен бастаңыз. Бұл мәнсіз болғанымен жаңа тың ойлардың тууына септігін тигізеді. Алға ерекше жоспар құра бастаңыз!

Арыстан
Бүгін бұрын жақсы қарым-қатынаста болған адамдармен кездесіп, аяқталмай қалған шаруаларыңызды аяқтайсыз. Шабытыңыз оянып, ойларыңызды жүзеге асыруға қолайлы уақыт. Кешке көңіл-күйіңіз түсіп, қатты қиналасыз. Осындай сәтте жақын адамыңыздың қасыңызда болғаны абзал.

Бикеш
Күніңіз ауыр жұмыстармен басталады. Сіз еңбегіңіздің арқасында жетістіктерге жетіп, биіктен көрінесіз. Жақындарыңызбен сырласып, жан жылуыңызбен бөлісе аласыз. Кешіңіз өте керемет болмақ

Таразы
Таразылар қазіргі уақытта түсініксіз күйде жүр. Болашақта не болатынына алаңдаулы. Қорықпаңыз. Жақында сіздің таңдауларыңыз дұрыс жолмен жүреді. Армандарыңыз да орындала бастайды. Бастысы сабырлық сақтай біліңіз.

Сарышаян
Күннің бірінші жартысында бөтен адамдардың ойларын жүзеге асырып, оларға көмектесесіз. «Ауырдың үстімен, жеңілдін астымен» жетістікке жетем деп ойламаңыз. Қолыңыздан не келетінің дәлелдеп, көзге түсіңіз. Ертесіне еңбегіңіздің жемісін көріп, жаныңыз жайдарланады.

Мерген
Бастаған істеріңізді алға жылжытыңыз. Сіздің әр нәрсеге философиялық көзқарасыңыз тығырықтан шығуға септігін тигізеді. Жақындарыңызға назар аударуды естен шығармаңыз. Кешке романтикалық кездесулерден бас тартпаңыз.

Тауешкі
Жұмысқа/оқуға деген қызығушылығыңыз бәсендеген. Басқа нəрсеге көңіл аударғыңыз келеді, бірақ ол қалтаңызды қағуы мүмкін. Экстремалды спорт түрімен шұғылданып, сапарға шықпағаныңыз дұрыс болады. Күннің екінші жартысында күтпеген жерден жақсы ақпарат аласыз.

Суқұйғыш
Күніңіз бірқалыпта тұрмайды құтты бір американдық сырғанақтар тәрізді. Бірде ұшсаңыз, бірден төмен түсесіз. Ал, сіз бірқалыпты өмірді, ертеңгі күнге сенімді болғыңыз келеді. Осыған орай алға қойған мақсаттарыңыз орындалады.

Балықтар
Күніңіз сәттілікке толы. Бүгінгі күн сізге несібесімен келді. Барлық істе жолыңыз болады. Ал кешкісін сүйіктіңізден тосын сый күтіңіз. Ол сізді қуантады. Сезімге толы әсерлі кеш болады.

Ұқсас сілтемелер:
05 Желтоқсан 2016, 10:43
5 желтоқсанға жұлдыз-жорамал
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады