BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.04 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Жеңіс Сейдуллаұлының «Саған әнім» атты концерті өтті

Фото: "Қазақконцерт"

Астана, BAQ.KZ тілшісі. 1 қараша күні ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Астананың 20 жылдық мерейтойына орай Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Жеңіс Сейдуллаұлының шығармашылық кеші өтті.

«Саған әнім» атты концерт «Qazaqstan» орталық концерт залында эстрада-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен жанды дауыста өтті. Концерттің дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.Беляков.

Концертте Нағима Есқалиева, Роза Рымбаева, Нұрлан Абдуллин, «Музарт» тобы, Медеу Арынбаев, Жеңіс Ысқақова, Жанна Орынбасарова, Жұбаныш Жексенұлы, Төреғали Төреәлі, Мадина Садуақасова, Мөлдір Әуелбекова, Жанболат пен Жазира, Мұқасан Шахзадаев, Бейбіт Қорған, Нұржан Керменбаев, Рахат Тұрлыханов, Гүлнұр Оразымбетова, Айқын Төлепберген, Әли Оқапов, Қайрат Баекенов сынды эстрада жұлдызары мен «Азия», «KZ», «Назар» топтары композитордың әндерін шырқады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер