BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Жастар театрының қоржыны тағы бір номинациямен толықты

Астана, BAQ.KZ. Астана қаласы әкімдігінің Жастар театры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Тарлан» сыйлығының иегері, режиссер Ж.Хаджиев атындағы Халықаралық театрлар фестиваліне С.Раевтың «Меккеге қарай ұзақ жол» әфсанасымен қатысып, арнайы «Жанат Хаджиев атындағы үздік актерлік ансамбль үшін» номинациясымен марапатталды.

Екінші рет өткізіліп отырған бұл ауқымды фестивальде Франция, Қытай, Сербия сынды мемлекеттермен қатар, Қазақстанның белгілі бірқатар өнер ордалары өнер көрсетті.

Аталмыш қойылым 2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған XIX театрлар фестиваліне қатысып, «Ең үздік спектакль» – Гран-при жүлдесінің иегері атанған болатын.

Қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер